Ақтөбеде ақ жейде киіп келген жанкүйерлерді футбол көруге тегін кіргізеді

Жұма, 8 Қыркүйек , 2017 12:07

Жартығасырлық тарихы бар «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлеріне тосынсый жасамақшы.

e9f978091d03

10 қыркүйекте орталық стадионда 29-шы тур ойындарының кезекті ойыны өтеді. Алаңға «Ақтөбе» және «Шахтер» футбол клубтары шығады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ақ түсті форма киіп  келген жанкүйерлерге кіру тегін. Алдын ала ақысыз абонемент алған жанкүйерлердің орындары сақталып, қалған жанкүйерлер қалаған орындарына жайғаса алады.

90 минут бойғы футболдың қызықты сәттерімен қатар, Орталық стадионға арнайы жұлдызды қонақтар шақыртылып, жанкүйерлермен бірге жеңіс әнұранын әндетпекші.

Алдын-ала жасөспірім жанкүйерлерге шоу-бағдарламалар ұйымдастырылып, «Ақтөбе» футбол клубының атынан тағайындалған тосын сыйлар болады.

Жанкүйерлерге жеңілдік «Ақтөбе» футбол клубының 50 жылдық мерейтойына арналмақшы.

Тағы да оқыңыз:

Головкин жекпе-жекке әйелі мен ұлының неге келмейтінін түсіндірді

Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, төбем көкке екі елі жетпей қалды

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар