Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 9 жасар оқушы ақша айырбастау жүйесі арқылы табыс тауып жүр

Тоғыз жастағы ақтөбелік Александр Чевычалов ақша айырбастау жүйесі арқылы табыс тауып жүр.

293368c6344ad8ffaab5d99798cd508c

Сурет: © Юрий Тарасенко

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Мен ақша жұмсамаймын. Фирмалық футбол добын шығару үшін, жинап жатырмын”, – дейді ол.

Оқушының әрбір күні сағат, минутына дейін есептеліп қойған. Үшінші сынып оқитын ол қосымша уақытта ағылшын тілін үйреніп, алтыншы сыныптың деңгейіне көтерілген. Сосын жүгіру мен жүзуден жаттығуға барады. Ал ұйықтар алдында өзінің компьютерлік бағдарламаларымен айналысады.

“Сабақ оқу – бұл менің демалысым. Қазір монтаждау бағдарламаларын үйреніп жатырмын. Әрине, маған кино түсіруге әлі ерте, бірақ, шағын роликтер түсіру қазір маған қиын емес”, – дейді талантты бала.

Александр Чевычалов болашақта бизнесмен болғысы келеді.

Дмитрий Шинкаренко

Талқылау