Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 850 миллион теңгеге салынған мектеп су астында қалды

Ақтөбеде пайдалануға берілгеніне небәрі үш-ақ ай болған мектеп көктемгі судың астында қалды. Тұрғындар құрылысы тым асығыс жүргізілген әрі сайға салынған мектептің сапасын ешкім қадағаламады деп отыр. Соның салдарынан 850 миллион теңгеге салынған мектептің қабырғалары сөгіліп, сыртқы жамылғылары түсе бастапты.

Ақтөбеде 850 миллион теңгеге салынған мектеп су астында қалды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тұрғындар білім ордасы судың ортасында қалғаны былай тұрсын, қазірдің өзінде ішкі қабырғалары сөгіліп, төбелері тесіліп, тіпті сыртқы жамылғылары да желге ұшып жатқанын айтады. Сөздерінше бір жазда салынған мектептің сапасы тым нашар. Тіпті балаларының өміріне қауіптенген ата-аналар жаңа мектепке жіберуге қорқамыз дейді.

«Мынау жыраның орнына салынған мектеп. Опасно ғой. Мектеп деген мұндай жерде бола ма, басында ойластырып нетпеген, бәрі біледі су ағатынын. Бұл туралы айттық. Оқып жатыр. Енді қорқамыз құлап қала ма, тағы бірдеңе болып қала ма деп», – дейді тұрғын Жеңіс Жоламанов.

Тұрғындар айтса айтқандай. Осыдан үш ай бұрын лентасы салтанатты түрде қиылған су жаңа мектептің қазіргі күйі осындай. Мектеп басшылығы құрылыстан кеткен кем-кетіктерді мердігер компанияның қайта жасап жатқанын айтады.

«Біздер барлық жерге бұл мәселе бойынша қозғап, қызметтік хат жаздық. Қазір қалалық әкімшілік те жұмыстанып жатыр. Енді мектебіміз екі жыл кепілдік мерзімде. Осы мердігер компания жауап береді», – дейді Ақтөбе қаласы №67 мектеп директоры Нұржамал Байдрахманова.

Ауыл тұрғындары мектепті сайға салынған деп отыр. Құрылыс басталғаннан-ақ жауаптыларға сан мәрте ескерттік дейді. Алайда сөздеріне ешкім де құлақ аспапты. Тұрғындар енді сапасыз әрі тез салынған мектеп жыл сайын көктемде осылай суға кетеді де тұрады дейді.

Ал кезінде жаңа мектепті қабылдап алған жергікті әкімшіліктегілер болса құрылыс сапасына қатысты кедергілер болған жоқ деп отыр. Айтуларынша қыста тапсырылған нысанның қалған жұмыстары, яғни мектеп айналасына салынуға тиіс болған су ағарлар биыл салынады дейді. Оған бюджеттен қаржы да қарастырылып қойыпты.

Оқи отырыңыз:

Мәскеуге барып баласын сатпақ болған келіншектің күйеуі ұлын өзіне алып кетті

Аш әрі жалаңаш: Алматыда полиция қызметкерлері апатты жағдайдағы үйден 3 жасар балаларды тауып алды (фото)

Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Өскеменде әйел өзінен жыныстық қатынасқа түсуін талап еткен күйеуін өлтіріп тастады

Талқылау