Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 7 жасар қызды өлімші етіп сабаған ер мен әйел биік мұнараның басынан секіріп кетті

Ақтөбе қаласына жақын маңдағы Қурайлы ауылында ерлі-зайыптылар биік мұнараның басына шығып, секіріп кетті.

Без названия

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Оқиға 15 мамыр күні болған. Полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, ерлі-зайыптылардың туыстары мен дәрігерлер, психологтар ер мен әйелді райынан қайтаруға тырысқанымен әрекеттері нәтижесіз аяқталады. Ақырында ерлі-зайыптылар телемұнараның басынан төменге қарай секіріп кетіп қаза тапқан. Бұл уақытта әйелдің аяғы ауыр болған.

Кейін белгілі болғандай әйел адам 7 жасар қыз өгей қызын өлімші етіп сабаған тұрғын болып шықты. Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыптылар бір жылдан бері бірге тұра бастаған, ал әйел өгей қызын үнемі ұрып-соғып, зәбір көрсеткен екен.

Мұнараның басына шығып секіремін дегенше ер мен әйел үйлеріне ешкімді кіргізбей қойған. Ал тәртіп сақшылары олардың екеулеп 7 жасар қызды сабағанын анықтапты. Қаршадай ғана Кристина туғалы қиындықтан көз ашпай келеді екен. Туған анасы кішкентайында жетімдер үйіне өткізіп, әкесі кейін қайтарып алған. Бірақ қайтарғанымен, нағыз тозақтың ортасына тап болғандай өмір сүрген. Енді ауруханадан шыққан соң балаларды уақытша оқшаулау орталығына жіберіледі.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде екі қызды зорлап, кейін азаптап өлтірген педофилге үкім шықты

Еліміздегі ең ірі параны жемқорлықпен күресуге тиісті адамдар алатын болып шықты

Алматы облысында бір айдай бұрын жоғалған қыз табылмай жатыр

Талқылау