Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 64 жастағы әжей жезөкшелерге клиент тауып, 500 теңгеден алып отырған

Ақтөбе қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 64 жастағы әжейді жеңгетайлықпен айналықаны үшін бұған дейін екі рет ұстаған.

66_main

Сурет: brusinski.com

Бұл туралы Timeskz хабарлайды.

29 шілдеде Лилия Рвачова клиенттерді белгіленген мекен-жайға апарған. Ешбір пәтер бос болмағандықтан, жезөкше дәл подъезде клиентіне интимдік қызмет көрсеткен. 21 тамызда әжей клиенттерін сол маңдағы тағы бір үйге апарған. Кейін анықталғандай әжей қызметі үшін 4000 мыңның 500 теңгесін алған. Қалған 3500 теңгенің жезөкшелер алып отырған.

Сот отырысында әжей Лилия Рвачова кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша, олпәтер жалдаушы адамдарды іздеген. Әжей өзінің суретші екенін де айтып өткен.

Жезөкшелердің бірі 9 жылдан бері жезөкшелікпен айналысып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, ол азық-түлік алу үшін осындай қадамға барған екен.

Сот отырысында төреші Әлия Бекталиева жеңгетайлықпен айналысқан 64 жастағы айыпталушыны шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімді оқыды.

Талқылау