Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 6-сынып оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын баланы пышақтап тастаған

Ақтөбеде 6-сынып оқушысы 5-інші сыныпта оқитын оқушыны пышақтаған. Оның ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбеде 6-сынып оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын баланы пышақтап тастаған

Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 20 қарашада орын алған. Қаладағы балалар ауруханасына мектептердің бірінің оқушысы пышақ жарақатымен түскен. Оның арқасы жарақаттаныпты.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, баланы 6-сынып оқушысы жарақаттаған. Олар бір мектепте оқиды екен. Оқиға мектептен тыс жерде оқушылар арасындағы ұрыс салдарынан орын алыпты.

Ата-аналармен және оқушыларымен алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ал жарақаттаған оқушының ата-анасы кәмелет жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді атқармағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оқушының өзі есепке алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау