Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 500 оқушы мектепте оқуын жалғастыру үшін хиджабын шешті

Ақтөбе облысында мектепке хиджаб киіп баратын қыздардың саны 530-дан 30-ға азайды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Астанадағы баспасөз конференциясы кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбеде 500 оқушы мектепте оқуын жалғастыру үшін хиджабын шешті

«Бізде хиджаб киетін балалар саны – 530 болатын, қазір 30 қалды. Қазір олардың ата-анасымен жұмыс істеп жатырмыз. Барлық бала мектепке бірдей болып келуі керектігін, заманауи талапқа сай болуы керектігін түсіндіріп жатырмыз. Балалар білім алып, еркін ойнап, спортпен айналысуы керек. Ол біздің ата-аналық міндетіміз. Егер біз ересектер, өз міндетімізді орындамасақ, балалар өскен соң бізге ренжитін болатын. Себебі өз қатарластарынан қалып қояды», – деп түсіндірді Сапарбаев.

Сапарбаев хиджаб мәселесіне тікелей өзі қатысқанын атап өтті.

«Жұмыс істеп жатырмыз. Егер бағынбаса, өзім кірісемін деп айтқаным рас. Ол жұмыстың нәтижесі бар», – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, Қазақстанда дін саласы бойынша онлайн-кеңес беретін «114 Тікелей байланыс» сайты іске қосылды.

Онлайн-кеңес тегін әрі құпия түрде жүргізіледі. Қалалық телефоннан 114 нөміріне хабарласуға болады. Қосымша хабарлама, фото-видео материалдарды WhatsApp арқылы +7 777 0000 114 нөміріне жолдауға болады.

Тағы оқыңыз: 

Енесін өлтіріп сотталған: Әкімдіктегілер үш күн бойы көшеде түнеген әйелдің тағдырын баяндады

Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды

Қайда баратынын айтпаған: Шымкентте 15 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Талқылау