Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хаты табылды: Ақтөбеде 50 жастағы науқас әйел емхананың 5-қабатынан секіріп көз жұмды

Өткен жексенбі күні Ақтөбеде 50 жастағы науқас әйел онкологиялық емхананың 5-қабатынан секіріп кетті.

Ақтөбеде 50 жастағы науқас әйел емхананың 5-қабатынан секіріп көз жұмды

Әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұм әйелдің өлер алдында жазған күнделігі мен ұялы телефоны табылды, деп жазады aktobetimes.kz.

Алайда онкологиялық ауруларды емдейтін медициналық орталықтың басшысы оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

«Біз науқастарға қатысты пікір айтпаймыз», – деді бас дәрігер Батыр Оразалин.

«Науқастың өлімі жайлы әлі дұрыс білмеймін. Тек көз жұмды деп естідім. Өзім іс-сапардан жаңа келдім», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Светлана Есенаманова.

Ал, прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Даулембаев бұл оқиғаны жоққа шығарған жоқ.

«Бұл туралы ауызша пікір айта алмаймыз. Оның үстіне өзіне қол салу ісі болып тұр», – деді Жасұлан Даулембаев.

Ақтөбеліктер бұған дейін де талай рет онкологиядан емдейтін дәрігерлердің қызметіне көңілі толмайтынын айтқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау