Ақтөбеде 45 адам «жиһад» жасамақ болған

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 12:55

Ақтөбеде лаңкестікті ұйымдастыру кезінде бұл топта бастапқыда 45 адам болған. Кейін 19 адам «жиһад» жасаудан бас тартқан. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

1257397

Фото: Ashraf Amra/TASS

«Олардың жалпы саны басында 45 адам болғаны анықталды. Бірақ олар «жиһад» жариялап, пәтерден шыққан кезде, 19 адам бас тартқан, біз оларды анықтадық, қазір олардан жауап алынуда», – деді министр бүгін халық алдында берген есебінде.

Қ.Қасымовтың атап көрсеткеніндей, Ақтөбедегі лаңкестердің басты мақсаты – қаруға қол жеткізіп, кейін аталған өңірде бірқатар теракт жасау болған.

«Келіскен 29 адам, дүкенге келген («Паллада» қару дүкені), жолай тағы үш адам бас тартқан, дүкенге кіргенде тағы бір адам райынан тайып, топтан бөлініп кеткен. Қалған 25 адам осы лаңкестікті жасап отыр. Ол бейнекамерада да көрініп тұр», – дейді министр.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт орын алды. 25 адам қару дүкеніне, кейін әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Салдарынан Ұлттық ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу жүргізілуде.

Елде 40 күнге лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі белгіленді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар