Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 41 жастағы ана 14-ші сәбиін өмірге әкелді

Ақтөбеде 41 жастағы ана 14-ші сәбиін дүниеге әкелді. Дәрігерлер мұны нағыз ерлікке балап отыр.

кекеке

Фото: alau.tv

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Енді Әлияның отбасында 8 ұл және 6 қыз болды. Үлкен қызы – 24 жаста. Ал ананың өзі екі рет әже атанып үлгерген: екі үлкен қызын тұрмысқа беріп, ұлын да үйлендіріп үлгерген екен. Бірақ, осыншама іс тындырып, жасы келгеніне қарамастан бала тууға кедергі ештеңе көріп тұрған жоқпын дейді ол.

“Құдай қанша бала берді, бәрін тудым. Ауыр әрине, бірақ Алланың арқасында өмірге келді”, – дейді Әлия Новикова.

Облыстық аурухананың дәрігерлерінің айтуынша, 14-ші сәбиін туу оқиғасы соңғы рет 25 жылдай бұрын тіркелген. Бұл 90-шы жылдардан бері қайталанып отырған жағдай екен.

тимс

“Әрине мұндай жаста бала тууға бел байлайтын әйелдер өте сирек. Жасы келеді, әртүрлі аурулар пайда болады. Бірақ Әляи жарады, тәуекелге барып, жас сәбиге өмір сыйлады”, – дейді акушер-гинеколог Назгүл Оңғарбаева.

Егер денсаулығы жарап тұрса әйелдердің көп босанғаны жақсы дейді дәрігерлер. Денсаулыққа байланысты қазақстандықтар көп ретте балалы бола алмай жатады. Ал 14 баланы өмірге әкелген ана, өзі үшін әжесінің үлгі болғанын айтады. Әжесі де 10 бала туған батыр ана екен.

Талқылау