Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 4 баланың анасы бесінші баласын босану кезінде көз жұмды

Алексей Соловевтің 39 жастағы әйелі бесінші баласын өмірге әкелмек болған. Алайда, босану кезінде жан тапсырды, деп хабарлайды Мой город.

img_2204-800x600

Туыстары әйелді перзентханаға уақытында қабылдамағанын айтады.

«7 қараша күні әйелім перзентханаға барды. Бейсенбіге дейін сонда болды. Біз хабарласып тұрдық. Кесарь тілігін жасауға рұқсат бердім деген. Кейін дәрігерлер дәрі ішіп өзі босанатынын айтқан екен. Сосын оның көз жұмғанын естідік», – дейді Алексей.

Күйеуі әйеліне 5 жыл бұрын ми жүйесіне ота жасатқанын, сонықтан жасанды жолмен босануы тиіс екенін айтып, полицияға арызданды. Ол әйелінің өліміне дәрігерлерді кіналауда. Туыстары дәрігерлерден кесарь тілігін жасатуды сұрағандарын айтады.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлердің талапқа сай әрекет еткендерін айтуда.

Сол күні 36 жастағы келіншек те босану кезінде жан тапсырған. Бұл оның алғашқы босануы болды. Әйелдің жүрегі ауыратыны анықталды.

Сабина Асқарова

Жіберіп алмаңыз:

Семей қаласының зағип тұрғыны Астанадан айына 6 000 теңгеге пәтер сатып алды

Астаналық келіншек келінін ұлынан қызғанып жек көріп кеткен

Алматыда студент жігіт тағып жүрген тұмарының кесірінен ауырып асылып қалған

Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)

 

Талқылау