Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 3 жылға сотталған шененунік рақымшылықтан бас тартты

5 қаңтар күні Ақтөбе облыстық соты Әкімгерей Көшербаевтың қайта шағымын қарастырып, оны өзгеріссіз қалдырды.

1484212690_011010

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Ақтөбеде білім саласын бақылау департаментінің бұрынғы басшысы алаяқтығы үшін айыпталып 3 жылға сотталып, дүние-мүліктері тәркіленген. Тиісінше, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан да айырылған.

Әкімгерей Қадырбекұлының туыстарының айтуынша, оған желтоқсан айында рақымшылық аясында бостандыққа шығу ұсынылған. Алайда Көшербаев одан бас тартқан.

“Амнистия кінәсін мойындауды талап етеді. Ал ол өз кінәсін ешқашан мойындаған емес және мойындамайды. Әзірге ол өзін колонияға жіберуді күтуде. Ол өте сабырлы. Облыстық соттың шешімін де сабырлы қабылдай алды. Ол ешқашан ақтөбелік сот органдарынан үміттенген емес. Ал біз әрі қарай барамыз. Жоғарғы сот пен Бас прокуратураға шағымданамыз”, – дейді туыстары.

Көшербаевтың әйелі Сағадат Сырбаеваны да алаяқтық бойынша кінәлі деп таанып, сот рақымшылық жасаған. Әйел денсаулығына байланысты жазасын өтей алмайды. Алайда оның да мүліктері тәркіленген.

Көшербаев үй қамағында отырған кезде өзіне жасаған соттың әрекеті сталиндік репрессияны елестетінін айтқан болатын. Бұрынғы бірнеше мектеп директорлары мен қала әкімі орынбасарының неліктен қылмыстық жазаны қолдағандары ол үшін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті өткен жылы рақымшылық туралы заңға қол қойған болатын.

Оқи отырыңыз:

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Талқылау