Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде екі жігіт 3 жыл бойы ұл баланы зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Ақтөбеде екі жігіт жасөспірімді бірнеше жыл бойы зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Ақтөбеде 3 жыл бойы ұл баланы зорлап, қызтекелікке мәжбүрлеген

Бұл туралы «Актобе Таймс» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Порталдың мәліметінше, наурыз айында  16 жастағы жасөспірімнің зорланғаны туралы арыз түскен. Кей деректер бойынша, ол 2016 жылдан 2018 жылға дейін зорлық көріп келіпті. Ол алғаш зорланған кезде 13-14 жаста болған.

Аталған қылмыс Рысқұлов көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінде орын алған.

Облыс бойынша ІІД баспасөз қызметі қылмыстық істің қозғалғанын растады. ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі бойынша (Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы жәбірленушіге жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған іске қатысты 2 жігіт күдіктелуде. Олардың бірі кәмелет жасқа толмаған, ал екіншісі 18 жасқа толған.

Нұсқалардың бірі бойынша, олар жәбірленушіден ақша талап еткен. Алайда жәбірленуші ақша беруден бас тартқандықтан, олар жасөспірімді «жазалауды» ұйғарған.

Алайда ақша талдап ету бойынша іс қозғалған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Сәуір айының басында жоғалып кеткен алматылық қыз байланысқа шықты

Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстік Қазақстандағы отбасылар еліміздің солтүстік өңіріне көшуге дайындалуда

Ақтөбеде есірткі мафиясының атышулы серкелері ұсталды

Талқылау