Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 3 жетім бала асырап алған ата-анасынан қашып кеткен

Олар білім бөліміндегілерге өздерінің таяқ жегенін айтып шағымданыпты. Қазір мұны мамандар тексеріп жатыр. Ал балаларды асырап алған Светлана Мусина қашып кеткен үшеудің үлкені Арсеннің қылығынан шаршағанын айтады. Себебі, қолының сұғанақтығы бар бұл баланы күнара тәртіп сақшылары ұстап алады екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ағайынды Арсен мен Каринадан әке-шешесі бас тартқан. Жетінші сыныпта оқитан олар өздерін асырап алған отбасыдан жасы кіші Аленаны ертіп қашып кетеді. Мектепке барудың орнына білім бөлімінен бір-ақ шығады. Сондағыларға уақытша асырап алған аналарының қол көтергенін айтып шағымданған.

«Ұрлық жасаған. Светлана Борисовна қол жұмсағаны үшін сондай шағым айтып келді балалар. Үйіне қайтып бармаймыз дегесін біз орталыққа орналастырдық», – дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ақырыс Шағырова.

Ерлі-зайыпты Мусиндер осы уақытқа дейін өздерінің туған бес баласынан бөлек, он бір жетімді ер жеткізіп, үйлі-баранды қылған. Кейін тағы 14 баланы қамқорлығына алыпты. Отанасы Светлана қашып кеткен үшеудің үлкені Арсеннен көресіні көргенін айтады. Қолының сұғанақтығы бар бала күнара дүкенге ұрлыққа түсіп, тәртіп сақшыларына ұсталады екен. Соңғы рет ашуланып ұрысқанын айтады. Бірақ қол көтермедім деп отыр.

«Арсенді қайтарып берсе де енді оны қамқорлығыма алмаймын. Тек қарындасы Каринаны аяймын. 20 жыл бойы қаншама жетім баланы асырап өсірдім. Аналық меірімімді бергенімнен басқа жазығым жоқ», – дейді қамқоршы Светлана Мусина.

Мұны Мусиндер үйінде тұрып жатқан өзге жетімдер де растайды. Ұрмақ түгілі балаға қолының ұшын тигізбеді деп асырап алған аналарын ақтап шырылдап жүр.

«Анамыз оны ұрған жоқ, соққан жоқ. Тек ұрлық жасағаны үшін ұрысқаны рас. Бұзық баланың қылығы үшін анамыз жұртқа жек көрінішті болып отыр», – дейді асырап алған қызы Татьяна Челышева.

Бұған дейін Арсен мен Карина  өзге отбасының қамқорлығында болған. Мінезі қиқар ұлдың қылығына олар да шыдамай кері қайтарыпты. Енді, міне, Мусиндерге де сымай отыр.

Оқи отырыңыз:

«Алматы тауерстегі» өртке қатысты өткен сот отырысында орталық жұмысшысы бар шындықты жайып салды 

Алматыда 44 мың теңгеге жүргізуші құжаты сатылып жатыр

«Эйр Астана» мен Алматы әуежайы ұшу жолағындағы апатқа қатысты дауласып қалды

Тараздағы жылуға жауапты мекемелер қысқа дайын болмай шықыты

Талқылау