Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 13 мекемеге «мемлекеттік рәміздерді қорлады» деген айып тағылды

Ақтөбеде жекеменшік кәсіпорындарды былай қойғанда, мектептер мен балабақшаларда ілінген байрақтар тиісті талапқа сай келмейді.

99496af250596444b6472a3d19111192_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

13 мекемеге «мемлекеттік рәміздерді қорлады» деген айып тағылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ескіріп, түсі оңып, кірлеп кеткен мемлекеттік туды уақытылы ауыстырмағандарға айыппұл салынды. Енді заң бұзғандар жалпы сомасы 3 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс. Прокуратура мен техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары арнайы тексеру жүргізіп, бұл мәселені жіті бақылауға алған.

– “Негізі анықталған бұзушылықтар – мемлекеттік елтаңбада жарықтардың болуы, мемлекеттік тудың ұштығында жарықтардың болуы, тауар құлақшасының болмауы немесе толық еместігі. Тудың тұтастығының бұзылуы, Тудың ластануы, ту матасының ұлттық стандартқа сай келмеуі”, – дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Данияр Қиманов.

Талқылау