Ақтөбеде үйі өртенген зейнеткерлер далада қалды

Жұма, 11 Желтоқсан , 2015 21:41

Ақтөбеде қала шетіндегі шағын баспаналары өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер далада қалды.

1315293095_fire

Оттың неден шыққаны әзірге белгісіз. Енді олар туыстарының үйінде жүр.

-Кеше кезекті жұмысымда жүр едім. Таңғы сағат бестерде маған үйің өртеніп жатыр деген хабар келді. Сосын машинамен жетіп келсем үй жанып болған. Ортасына түсіп жатыр, – дейді зейнеткер Тоқтар Ермағанбетов.

Айтуынша, зейнеткер жасына жетсе де бос отырған кезі жоқ. Күзетші болып істейді екен. Ал енді бір зейнеткер қорадағы малын сатып,  облыс орталығына үш жыл бұрын көшіп келген. Енді сол баспанамен қоса құжаттары да жанып кеткен.

-Ол кісі өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты қала әкімиятына арыз беруі қажет. Осы комиссия арыз бергеннен кейін арызын ұсынамыз. Сол уақытта тиісті көмектерін алуға болады, – дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Мейіржан Қарақов.

Енді зейнеткерлерге тегін баспана берілмейді екен. Дегенмен, зейнеткерлер шенеуніктер қаржылай көмек беру үшін комиссияның қарауына ұсынбақшы.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар