Ақтөбеде үш бала мұз астына кетіп қала жаздады

Ақтөбеде ойын соңы трагедиямен аяқтала жаздады. 7, 13 және 14 жастағы үш бала су қоймасында ойнап жүріп, бөлінген мұз үстінде қалып кетті.

Ақтөбеде үш бала мұз астына кетіп қала жаздады

Sputnik / Александр Кряжев/Владимир Сергеев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға жексенбі күні таңертең орын алған. 7, 13 және 14 жастағы үш бала мұздықтан мұздыққа секіріп ойнаған. Кенет олардың бірі жағадан алыстап кеткен.

«Балалар 15 минут бойы жылжымалы мұздың үстінде болды. Су қоймасын қарау барысында құтқарушылар балалардың айқайын естіген. Ол кезде мұз су қоймасының ортасына жетіп қалған. Балалар мұздан түсіріліп, қайықпен жағаға жеткізілді», – деп хабарланды Ақтөбе облыстық ТЖД жедел-құтқару отрядының қызметкері Оксана Кичигина.

Балалар зардап шеккен жоқ, қазіргі таңда олардың жағдайы орташа деп бағалануда.

Құтқарушылардың айтуынша, мұз бөгет пен төменге түсетін шлюзге қарай бет алған. Құтқарушылар дер кезінде үлгермеген жағдайда, трагедияны алдын алу мүмкін болмас еді.

Оқи отырыңыз: 

ОҚО-да 9 жастағы бала газға уланып көз жұмды

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкім орынбасары 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Қостанайда полиция қызметкері қызғаныштан өзімен бірге тұратын қызды пышақтап, өзіне қол салған

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт 5-қабаттан секіріп кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар