Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе жұрты Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харкиді күтіп алды (фото)

Ақтөбеліктер Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харкиді күтіп алды. Әуежайда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта қала тұрғындары мен қонақтар зілтеміршіні қошеметпен қарсы алды.

cdae88f79715e6613d7ef0547b5e5e73

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Бердібек Сапарбаев бастаған өңір белсенділері Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харкиді әуежайдан қарсы алды. Олимпиада жүлдегеріне ризашылығын білдірген ақтөбеліктер «Алға, Қазақстан» деп ұрандатып, Фархад Харкиді жеңісімен құттықтады. Кейін ол қала көшелерімен жүріп өтіп, Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа келді. Мұнда жас спортшылар мен ардагерлер, қала халқы зор қошеметпен «Фархад, чемпион» деп қолпаштап, оған қолдау білдірді.

«Бүгін қуанышты күн. Көптен күткен жеңімпаз Фархад Харки елге келіп, өз жеңісін бізбен бөлісіп отыр. Фархад Харкиге рахмет айтамыз. Жетістіктері көп болсын! Еліміз 17 медаль алды. Оның біреуі біздің жерлесімізге тиесілі. Бұл үлкен жетістік, қуаныш»,- деді қала әкімі Ілияс Испанов.

3e80f4abfc4d98b9b381f7406654df64

Ал Алматы әуежайынан күтіп алғандардың бірі Бейбітшілік және келісім кеңесінің облыстық филиалы төрағасы Келдібай Еспағанбетов Рио жүлдегеріне табыс тіледі.

«Алматы жеріне табан тіреген Рио жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қазақстанға келгеннен кейін біздің жауапкершілігіміз бұрынғыдан да жоғарылады» деген ойларын айтты. Спортшылардың ғана емес, біздің де алдымызда үлкен жауапкершілік тұр. Мәңгілік ел болу жолында ұлы дала тарихын жасайтын сіздерсіздер. Фархадтың ерлігі, қазақстандық спортшылардың жеңісі барлық жастарға үлгі болуы тиіс деп ойлаймын. Рухымыз биік, патриоттық сезіміміз жоғары болсын!»,- деді ол.

Ал қараңғы түскеніне қарамай орталық саябаққа жиналған қауымды көрген Рио Олимпиадасының жүлдегері Фархат Харки қазақ еліне, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ақтөбеліктерге алғысын жеткізіп, Токио Олимпиадасына қатысатынын, Ақтөбенің атынан ел намысын қорғайтынын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Тищенко өзінің Левитті жеңгенінде күмән болмауы тиіс екенін мәлімдеді

Олимпиаданың қола жүлдегері Эльмира Сыздықова арманын айтты

Моңғол балуанының бапкерлері олимпиада ойындарындағы қазыларға ашуланып шешініп тастады (фото, видео)

 

 

 

Талқылау