Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ақтөбе” жанкүйері Самат Смақовтың суретімен татуировка салдырды

"Ақтөбе" жанкүйері Самат Смақовтың суретін иығына таңбалаған. Жанкүйер футболшыға деген құрметін осындай жолмен жеткізгісі келіпті.

zQXq4EPx8oE Бұл туралы клуб жанкүйерлерінің "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланған. "Саматқа және жанкүйерлерге деген құрмет белгісі. Бұл адам тағы да бізбен бірге!Жанкүйерлер Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбенің" аңыз ойыншысына әркез құрметпен қарайды", - делінген топтағы хабарламада. "Самат Смақов - менің кумирім. Ол ұлттық құраманың және ақтөбе футболының аңызы. Ол бізге клуб қиын жағдайға түскен сәтке қарамастан оралып отыр. Тату үш жарым сағат бойы жасалды. Бұдан басқа татуировака болған емес. Бұл керемет туындыны өз ісінің шебері Элина Жакупова жасады", - деген клуб жанкүйері. Ал Самат Смақов жанкүйерге ең керемет сыйлық жасауға уәде беріпті. "Өте әсерлі әрі жағымды! Жас жанкүйерге менің атымнан сыйлық - ойын футболкасы мен барлық маусымдағы ойындарға тегін абонемент", - деп жазды Смақов Инстаграмдағы парақшасында. Еске сала кетсек, 37 жастағы Самат Смақов маусым аралық үзілісте "Ақтөбеге" оралды. Ол бұған дейін 2007-2012 жылдар аралығында "Ақтөбе" қатарында өнер көрсетті. Клуб сапында ол үш рет ел чемпионы атанып, екі мәрте Қазақстан кубогын иеленді. Ол осы жылдар ішінде капитан ретінде команданы бастап шықты. Бұл қазақстан футболына қатысты бірінші тату емес. 2014 жылы "Ақтөбе" сапында өнер көрсетіп жүрген қақпашы Андрей Сидельников аяғына клуб эмблемасын салдырған еді. Ал өткен жылы ол "Ордабасыға", ал осы қыста "Қайратқа" ауысты. photo_36969
Талқылау