Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғынының телефоны жарылып кетті (видео)

Ақтөбе тұрғынының Samsung Note 3 смартфоны жарылып кетті.

photo_205564

Райгүл Жақсылықованың айтуынша, ол телефонды осыдан 3 жыл бұрын сатып алған. Кейін тұпнұсқа қуаттандыру құралын басқаға ауыстырған.

Видео Instagram желісінің aktobe_zello тобында жарияланды.

«Samsung Note 3 телефоны жарылды. Құдайға шүкір, ол кезде біз ояу едік. Баламды да бала-бақшаға жібергенбіз. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сақ болыңыздаршы», – деп жазады ол желіде.

Иесі телефонды қуаттандыру құралына түнгі сағат 1-де қойып, таңертең сағат 7:30-да алғанын айтады. Жарылысқа телефонды ұзақ уақыт қуаттандырғышқа қою себеп болуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көлік тротуарға шығып кетіп екі адамды басып өтті (видео)

Бізді ұрып-соғып, арақ ішуге мәжбүрледі: қазақстандық әйел Мәскеудегі құлдық туралы айтты

Ақтөбеде қысымға шыдамаған полиция ардагері тәртіп сақшысының кабинетінде көз жұмды

Талқылау