Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны «романтика» әсерінен Донбасқа барып соғысқан

Ақтөбеде украиналық сепаратистер қатарында жауынгерлік ұрыстарға қатысқаны үшін  Максим Ермоловқа қатысты сот өтіп жатыр.

e4b2d7a1d1f21b9b2227dc5faf094ad1

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Акт мәліметінше, 2014 жыл мен 2015 жыл аралығында Ермолов Донбас облысына барып Украинаның қарулы күштеріне қарсы шабуылға қатысқан. Сонымен қатар Донецк Халық республикасының жергілікті пункі қорғанысына қатысып, әскери бөлім объектісін қорғауға күзетке тұрған. Объект «Оптима» қонақүйінің жанында болған.

Максим кінәсін жартылай мойындады. Оның айтуынша, бұл жайлы теледидардан көреді. Ол Донбаста адамдардың жапа шегіп жатқанын көріп, оларға көмектеспек болған. Ол ғаламтор мен ВКонтакте желісінен жағдайды бақылап «Ополчение Донбасса» тобына жазылады. Сондай-ақ Донбаста соғысқан Қостанай тұрғындарымен сөйлеседі. Солар арқылы барар жолды сұрап білген.

Максим қанды қырғынға ақша үшін емес, романтика үшін барғанын айтады. Оны Донбаста әскери бөлімге жазып, билет берген.

Ол қару да ұстамағанын айтады. Алайда прокурор оның желіде Калашников автоматын ұстап түскен суреті барын еске салды. Айыпталушы сәл ойланып барып оны суретке түсу үшін өзгеден сұрап алғанын айтты.

Достарына минометтен танкті жарғанын жазғаны жөнінде оның қалжың екенін, мақтанып солай жазғанын айты.

Ермоловты алғаш рет 2015 жылы ақпан айында ұстады. Одан ешқайда кетпеуі жөнінде қолхат жазып алынды. Кейіннен ол БАҚ-та жазылған ақпараттарды оқып қашып кеткен еді. Қайтып келген соң ұсталып, қазір тергеу изоляторы жабылды.

Дмитрий Матвеев

Жіберіп алмаңыз:

Сауданың соңынан кеткен әйел балаларын тастағаны үшін өкінді

Александр Зайчиковтің кіші інісі әлем чемпионатында қола медаль ұтып алды

65 жастағы қазақстандық әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңіп «алтынға» ие болды

Шымкентте енесі келінін өз еркінсіз жындыханаға өткізіп жіберген

Талқылау