Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны қызының асылып өлгені үшін құдалары мен күйеу баласын жауапқа тартпақ

Атырауда өзіне қол салған келіншектің күйеуі бала-шағасы барын жасырып келген. 19 жастағы Данара Қайыпты қазақы дәстүрмен алып қашқанда бұрынғы жарынан ажыраспағаны туралы тіс жармапты. Енді марқұмның туыстары қыздарының өліміне құдалары мен күйеу баланы кінәлап отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Данара Қайыпованың желідегі жеке парақшасынан

Ақтөбе облысының Тереңсай ауылының тұрғындары қыршын кеткен Данараның өзіне қол салғанына сене алар емес. Себебі, төрт айдан бері қазақы дәстүрмен қашып кеткен қыздың артынан кешірім сұрап құдалар келер деп күткен. Бірақ керсінше Атыраудан қаралы хабар жетті.

19 жастағы Данараны алып қашқан атыраулық жігіт бұрын үйленген. Марқұмның отбасы оның тек Біржан деген атын ғана біледі. Ал бұрынғы жарынан ажыраспай, әйел үстіне әйел алғанын келіншек өлерден бірер күн бұрын біліпті.

«Данара жігіттің әкесі хабарласып күйеуің бірінші әйеліне қосылайын деп жатыр депті. Біржан ештеңе демеді ғой десе, мен айтып тұрмын деп зіркілдеген», – дейді марқұмның анасы Інжу Өтешова.

«Қызға отбасым бар деп шындықты айтуы керек еді. Ол балалықпен алданып та қалған шығар», – дейді марқұмның нағашы әжесі Гүлмайра Өтешева.

Данара ауыл шаруашылығы колледжінде грантпен оқып жатқан. Диплом алуына екі-үш ай ғана қалыпты. Ұстаздары оны тәжірбиеден өтуге келер деп күткен. Үздік оқушыларының бұлай көз жұмғанына олар да сене алар емес.

«Мінезі салмақты. Көбінесе жымиып күліп тұратын. Өзіңнің берген  сұрағыңа жауап беретін оқушы. Ондай мінезін байқамадым. Сабағына үлгеріп келіпжүрді», – дейді колледж оқытушысы Қалима Қапсамиева.

Қазір атыраулық тәртіп сақшылары осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. Марқұмды өлімге кім итермелегенін анықтап жатыр. Ал қаралы отбасы болса қыздарын алып қашқан жақтың қылығына да ашулы. Сүйекті ауылына жеткізген жекжаттары жаназасын күтпей, бір уыс топырақ салмастан Атырауға тайыпты.

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны «Оңай» жүйесіндегі олқылықты тізіп сотқа жүгінді

Жетімдер үйінде өскен жігіт анасын қалай тапқанын айтып берді

Оралда күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

Головкин: Екінші кездесуде «Канелоны» нокаутқа түсірем деп уәде бермеймін

Талқылау