Ақтөбе тұрғыны көлігі мемлекет меншігіне өтіп кетпес үшін оны бөлшектеп сатып жіберген

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 8:31

Қарғалы ауданы, Велиховка ауылының 23 жастағы тұрғыны былтыр ұрлық жасағаны үшін 2 жылға сотталған.

foto_004

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Сот үкімі бойынша оның ВАЗ-2107 маркалы автокөлігі тәркіленуі тиіс болған. Мамыр айында үкімді орындамақ болған сот орындаушылары көлікті таба алмайды. Кейін белгілі болғандай тұрғын көлікті бөлшектеп, металл қабылдаушыларға өткізіп жіберіпті.

Алайда ол осы әрекеті үшін де тағы да өзіне айып жамап алды. “Тәркіленуге тиісті мүлікке байланысты заңсыз әрекетке барғаны үшін” оған тағы да кінә тағылды. Сотта Юрий Нусс көлікті бөлшектеп сатудан 25 мың теңге пайда көргенін айтыпты. Ол бұл ақшаға азық-түлік сатып алған.

Сот 23 маусым күні оны 3 жыл 3 айға соттады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Фатима қажы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалын 4 ұрпақ бойы сақтап келгендерін айтты (фото)

Белгілі уағызшы қожалардың неліктен қыз бермейтінін айтып берді (видео)

ОҚО-да әйел 4 жасар науқас баласын ауруханада тұншықтырып өлтірмек болды

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар