БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сөйлей алмайтын күйге түсті: Ақтөбе тұрғыны бір тісін жұлдырам деп өлім аузынан қалды

Ақтөбе тұрғыны Елена Кожемякина ақыл тісін жұлдырам деп ота үстелінен бір-ақ шықты. Науқас тіс дәрігерінің ісіне салғырт қарайтынын айтып шағымданды.

34 жастағы Елена Кожемякина «Евродент» стоматологиясында ақыл тісін жұлдырады, деп жазады Аktobetimes.

18 желтоқсанда науқас ақыл тісін жұлғызған. Тісінің орны жараланып, кейін аузын аша алмайтын күйге түседі. Тіс дәрігері орнын тазалап, жақын арада жазылады деп кеңес береді. Алайда ауруы асқына береді.

Хирург Дәурен Алшын науқастың ауыр жағдайда келгенін, дене температурасы 38 градус болғанын айтты.

“Ауыз флегмоны ауыр дерт. Өкпеге жұмсақ тіндер арқылы өтеді. Бұл аурудың өлім ықтималдығы 95% құрайды. Бір тіске бола осындай ауруға жетті. Қуанышқа орай, уақытылы емделгендіктен аурудың беті қайтты”, – дейді дәрігер.

Отадан соң Елена екі күн су іше алмады. Қазір су ішіп, аздап тамақтанатын болған. Алайда Жаңа жылды ауруханада қарсы алуға мәжбүр.

“Ақыл тісті жұлдыру күрделі болған. Адамның иммунитеті әлсіз болса, тіс жұлдыған соң суықтаса, ауруы асқынып кетуі мүмкін. Бірақ инфекция түсуі мүмкін емес”, – дейді стоматологияның директоры Альфия Ихсанова.

Стоматология науқасқа керекті дәрі-дәрмегін жіберді. Ал, науқас тіс дәрігерінің қызметіне көңілінен шықпағанын айтып, департаментке шағым айтпақ ниетте.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр