Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны Астанаға велосипедпен баратын болды (фото)

Ақтөбе тұрғыны Ертарғын Мұқанбетқали велосипедпен Астанағажолға шықпақшы. Бұған дейін ол Маңғыстау облысындағы киелі орындар —  Шопан ата қорымы мен Бекет ата кесенесіне велосипедпен барыпты.

IMG-20160621-WA0013

Бұл туралы aktobegazeti.kz хабарлайды.

Өзінің айтуынша, мың жарым шақырым қашықтықтағы жерге велосипедпен он күнде жеткен. Бұл туралы жергілікті Ақтөбе басылымы жазды.

— Күніне 150 шақырымдай жүріп отырдым. Әуелі Шопан ата қорымына түнедім. Бекет ата кесенесіне жақындағанда тас соқпақ жолда велосипедпен жүру өте қиынға соқты. Содан велосипедіме мінбей, алып жүрдім. Киелі орындарға тағзым етіп, Құран бағыштадым. Өтірік болмасын, қайтар жолда велосипедпен тек 200 километрдей жер жүрдім. Әрі велосипедімнің доңғалағы да әлсіреді. Сосын көлікпен қайттым. Бұл — ұзақ жолға алғаш шығуым.  Өзім Ойылдың жігітімін. Дүзмағанбет Сәрсенбаев бастаған ойылдық құрдастарым менің бастамамды қолдап, көмектесті. Ендігі мақсатым — Астанаға велосипедпен барып, Елорданы көріп қайту, — дейді Ертарғын Мұқанбетқали.

Өзінің айтуынша, ол бір жылдары қатты сырқаттанып қалыпты. Содан бері велосипедті көлік үшін ғана емес, денсаулығын жақсарту үшін тебуді әдетке айналдырған. Қай кезден де салауатты өмір салтын ұстанады, көбірек жаяу жүргенді, жүгіргенді ұнатады. «Қазір жүгірсем, 15-20 шақырымға шаршамай жүгіремін» деп қояды өзі. Негізі шахмат ойнауды, велосипед тебуді бала кезде үйренген екен.

«Егер арнайы қызметкерлер қасыма еріп жүретін болса, құба-құп. Болмаса, алдағы аптада велосипедпен жолға шығып кеткім келіп отыр», — дейді велосипедші

Талқылау