Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары нан мен ұнды талап алып жатыр

Қала мен облыс басшылығы экстремистерге қатысты қаладағы жағдайдың бақылауда екенін айтады. Қоғам қайраткерлері мен  саяси партия көшбасшылары террорлар әрекетіне қатысты теледидар эфирінен пікір білдіріп жатыр.

9063740

Сурет: РИА Новости

Бұл туралы Рика ТВ хабарлайды.

Қазір тек кіші дүкендер ғана жұмыс істеп жатыр. Адамдардың бәрі нанды талап алуда. Нан болмаған жағдайда ұн мен су алады. Кезекке тұрған адам қарасы көп. Тұрғындар шабуылдық әрекеттерге дайындалып жатқан секілді. Көпшілігі нан бомласа, оны үйде қолдан пісіретіндерін айтады.

Ақтөбеде 5 маусым күні атыс болып, құқық қорғау қызметкерлерінің қаза тапқанын, қайтыс болған әскери қызметкердің артында 4 баласы қалғанын хабарлаған едік. Ақтөбеде қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған (видео)

Қаладан шығу мен қалаға кіруге тыйым салынған. Кірген-шыққандардың құжаттары тексеріледі. Аудандық орталықтарда да сыртқа шығуға тыйым салынған.

Талқылау