Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе терактісінің кадрлары және қаза тапқандар туралы естелік (видео)

Тура бір жыл бұрын Ақтөбеде бір топ қарулы қылмыскерлер екі бірдей қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын.

2432213

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өінің желідегі парақшасында 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде болған қанды оқиғаның бейнежазбасын жариялады.

“Біз мұндай роликтерді “Біз ұмытпаймыз” (Мы помним) деген бірыңғай брендпен түсіргіміз келіп отыр. Ондай роликтерді бір немесе одан көп айда дайындап шығуға болады”, – дейді министр.

Еске салсақ, атыс кезінде сегіз адам қаза тапты, оның үшеуі – әскерилер. Күштік құрылымдар 18 қылмыскердің көзін жойып, 9 адамды ұстады. Теракті барысында “салафизм” бағытын ұстанатын діни ағым өкілдері айыпталған еді. Терактіге тікелей қатысушылар өмір бойына бас бостандықтарынан айырылған.

Оқи отырыңыз:

Неліктен Мақсат Үсеновті әуежолаушыларының қара тізіміне енгізген жоқ?

Алматылық жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады (фото)

Астанада сұғанақтар аялдамадағы кітап сөресін тонап кетті

ОҚО-да педофилдер 5 жастағы екі қызды зорлап кетті

Талқылау