Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе супермаркеттерінде улы қарбыздар сатылып жатыр

Жаз келді, қауын-қарбыз пісті. Күн жылына салысымен маусым айында көшелерде қауын, қарбыз сатыла бастады. Түрлі сауда орындарында, сөрелерде таудай үйіліп жатқан қауын-қарбызды көргенде, көздің жауын алады.

87878

Бұл туралы kerek-info.kz хабарлайды.

Сатушылардың сөзіне сенсек, көкөністер күн шуақты Өзбекстаннан келген. Ол жақта, әрине, жылырақ және топырағы да құнарлы, бірақ қарбыздың маусым айында пісуі ертерек емес пе? Біз тексеріп көру үшін сатып алдық. Бірінші көзге түскен нүкте қала орталығында еді. Бірінші қарбыз (келісі 70 теңге) 4 келіден сәл асты.

Мамандар әзірге қауын-қарбыздан бас тарту керектігін алға тартады. Бірақ, соған қарамастан қарбыздың саудасы қызып тұр. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басқарма мамандары ақтөбеліктерге белгіленбеген сауда орындарынан қауын, қарбызды сатып алмауды ескертеді. Өйткені денсаулыққа зиян.

Ерте піскен қарбыздың құрамында нитрат көп. Демек, аяқ астынан ауруханаға түсуіңіз ғажап емес. Бақша өнімдерін сауда орындарынан сатып алған кезде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарын және Кеден Одағының сәйкестігі туралы декларациясын сұрау қажет екен. Бірақ, қарбыз аларда қайсымыз мұндай құжат сұраймыз? Тіпті, сатушының өзі де мұндай қағаздың болатынын білмеуі әбден мүмкін.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы Ақтөбе қаласындағы бірнеше сауда орындарына жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Жеміс-жидектерге, көкөністерге және бау-бақша өнімдерінің құрамын тексерді. Сараптама нәтижесі көңіл көншіткен жоқ. Халық көп баратын ақтөбелік супермаркеттен алынған қарбыздан көп мөлшерде зиянды химикат табылды.

“Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру үшін қаладағы супермаркеттердің бірінен 10 шілде күні қауын-қарбызды басқарма мамандары сатып алып, сараптамаға тапсырды. Сараптама орталығына 11 шілде күні зерттеу нәтижесінде қауында нитраттардың қалдық құрамы нормативтік көрсеткіштен көп болып шықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабының 3 тармағына сәйкес, супермаркетке жоспардан тыс тексеру жүргізу актісі ашылды. 12 шілде сараптама орталығына келіп түскен зерттеу хаттамасы нәтижесінде шабдалыда, жасыл жүзімде, өрік нектаринінде, алхорыда, қауын және қарбызда нитраттардың қалдық құрамы нормативтік көрсеткіштен көп болып шықты. Осыған байланысты аталған супермаркет желісіне жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталды”,- дейді Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Аманжол Өтеғалиев.

Инфекционист-дәрігерлердің айтуынша, нитраттар ішекке түскен кезде нитриттарға айналып, оттегінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Нәтижесінде гипоксия (оттек азаюы) басталады. Нитраттар ағзаға көп түскен кезде аурудың инкубациялық кезеңі екіден 6 сағатқа дейін жүруі мүмкін. Содан кейін өткір улану белгілері пайда бола бастайды. Қарбыздағы нитраттардың қауіптілігі сол – оны алдын ала өңдеусіз және көп мөлшерде жеп қолмыз. Әсіресе, бұл балалар үшін қауіпті.

Оқи отырыңыз:

Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды

Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Талқылау