Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе соты терактіде қаза тапқан полицейлердің отбасыларына өтемақы төлеуден бас тартты

Ақтөбе соты 2011 жылы Шұбаршы терактісінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының отбасыларына қатысты барлық алты шешімді де өткен аптада шығарып тастады. Қайтыс болғандардың артында балалар жетім болып қалды. Жетім-жесір жандар болмашы жәрдемақыға күнелтіп отыр.

777777777

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Жәрдемақы төленбеудегі негізгі себеп – полицейлердің өліміне Ақтөбе облыстық ІІД кінәсі жоқ” деген сөз. ІІД өкілі Қарлығаш Құрманғазина сотта полицейлердің өліміне кінәлі адамдар бар, тиісінше олар соттан өз үкімдерін естіді деп хабарлады.

Шағым білдірушілердің арасында – 2011 жылы аттары жарияланған тәртіп сақшыларының әйелдері бар. Оларды қайтыс болғаннан кейін “Айбын” орденімен марапаттаған болатын:

1. Руслан Жолдыбаев 35 жасында арнайы бөлімде қызмет етіп жүріп қаза тапты. 2011 жылы оны демалыстан шақыртып алып, Шұбаршы ауылына жібереді. Ол жерде Руслан 10 адамның өмірін аман сақтап қалуға себепкер болады. Алайда экстремистер атқан оқ Русланның өмірін жалмап кетеді. Қазір оның қызы 12-ге келді.

2. Патрульді полицей 31 жастағы Нұрлан Алпысбай 2011 жылы радикалдардың қолынан қаза тапты. Екі қыз жетім болып қалды. 11 жастағы Дильназ қазір Ақтөбедегі 41 мектепте, 9 жасар Шахназ 21 мектепте білім алып жатыр.

3. Полиция капитаны 33 жастағы Рүстем Кенжалин экстремистермен күрес кезінде арнайы операция барысында көз жұмды. Экстремистер оған қарсы 6 оқ атқан. Жесірі №3 емханада медбике болып қызмет етеді, қазір қызы 5 жаста. Әкесі сәбиі тумай жатып қайтыс болған.

4. 2011 жылы аға сержант Айдос Боранбаевты да экстремистер нысанаға алған. Қазір оның кіші қызы 16-да, үлкені 20-да. Қыз Жұбанов атындағы университеттің заң факультетінде оқиды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық жол полициясы жеке батальонының инспекторы Темірбек Жақсылықбаевтың да жесірі сотқа арыз түсірген. Ол 2012 жылы 30 жасында таксистке шабуыл жасаған бандиттермен күрес кезінде қаза тапты. Оның 9 жасар ұлы биылғы жылы таэквондадан Азия чемпионы атанды.

Алтыншы әйел хромтаулық полицейдің әйелі Қымбатқазы Оразалина. Оның күйеуін аудан орталығында тұрғын пышақ салып өлтірген. Қазір үйге ай сайын 50 мың теңгедей ғана кіреді.

Сотта жесір әйелдер моральдық шығын ретінде 3 миллион теңгеден, сондай-ақ, олар сақтандыру төлемі айырмашылығы және жалақы мөлшеріндегі өтемақы талап еткен.

Істі қараған үш судья да өтемақы төлеу туралы шешім шығарудан бас тартқан.

“Осыған ұқсас іс Таразда да қаралды. Онда ІІД жесірлерге моральдық шығын төлеп берді. Ресейдің тәжірибесін қараңыз. Онда мемлекет әскерилердің жесірлерін ұмытпай, жетімдеріне ақша төлеп отырады. Біз Ақтөбе облысы ІІД түсірілген шағым негізінде ақша төлеуге үкім шығарады деп үміттенеміз”, – дейді адвокат Айгүл Ерназарова.

Оқи отырыңыз:

ІІМ WhatsApp арқылы тараған маньяк жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі

Елімізде заңды ажырасып бір шаңырақ астында тұра беретін отбасылар пайда болған

Қалыңмалға он мың доллар әкелген құдалар үйдегі үлкен әжейге ешнәрсе кигізбеген

Талқылау