Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе оқиғасына қатысы барлар өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

5 маусым күнгі Ақтөбе оқиғасын ұйымдастырды және соған қатысы бар деген айыппен тұтқындалған содырлар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ақтөбе-теракт

Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған “Актобе Таймс” порталы хабарлайды.

«Тұтқындалғандардың жасы – 16 мен 29 жас аралығы. Қамауға алу шешімі 8 және 14 маусымда санкцияланды. Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған.

Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың “радикалдық діни топ өкілдері” болғанын және олардың “шетелден нұсқау алғанын” мәлімдеген.

 

Талқылау