Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жабынған келіншек тұмшаланудан бас тартуының себебін түсіндірді

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тұрғыны Гүлмира Сағынбаева таяуда паранжасын тастап, жұмысқа орналасуды ойластырып жүргенін айтады.

1023521578

Көрнекі сурет: ria.ru 

Жолдасы құмар ойынға әуес болып, балаға тәрбие беруден қалған соң, ажырасып тыныпты.

Үш баланың анасының бүгінде паранжасын тастап, жергілікті аураханада жұмыс іздеп жүрген жайы бар.

– «Осыдан бірнеше жыл бұрын ауруханаға жұмыс сұрап барғанмын. Бетім тұмшаланып тұрған соң, мені жолатпағандарын білемін. Бірақ кейін заңдарды ақтара келе, паранжаның жұмысқа қабылдауға кедергі болмайтынын білдім», — дейді Гүлмира.

28 жастағы келіншекті көршілерінің барлығы жақсы біледі. Ата-анасы өмір бойы жақсы қызметтерде болған.

– «Көрші-қолаң іштей жақтырмайтын болар, бірақ сәлемімді алады. Кейде үлкен адамдар келе жатқанда, амандасып тұрып, Гүлмира екенімді айтып қаламын. Сол кезде «мама-папаң қалай, сәлем» деп жылы шырай танытып жатады», — дейді Гүлмира.

Бір күні ол түсінде балаларынан айырылған ол Құдайдан жалбарынып, кішкентайларының амандығын тілейді. «Намаз оқып өтемін, тек балаларым аман болсыншы» деп жалбарыныпты. Оянса, балалары қасында ұйықтап жатыр.

– «Содан бері сәждеге маңдайымды тигіздім. Ауылдағы намаз оқитын қыз-келіншектерден намаз оқуды үйрендім. Құран оқи бастадым. Кейін, бет тұмшалаудың міндетті емес екенін біліп, бетімді ашып жүретін болдым. Көршілерім түрімді көріп, қуанып қалғандарын жасырмайды. Бетімді жауып жүргенде олардың мені жақтырмайтынын ішім сезетін», — дейді Гүлмира.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда қиындыққа тап болатынын айтқан келіншек кейде суретке түсерде бөгде ер адамдарға сыртқа шыға тұруларын өтінетін болған.

– «Бірақ, өзгелерді мазалағаным үшін қысылатынмын. Неге менің шаруам үшін ол ыңғайсыз күй кешу керек деп, іштей өзімді кінәласам да, ештеңе жасай алмайтынмын, — дейді ол.

Өмірін сәл де болса өзгертуге тырысқан келіншек үш баланы өзі тәрбиелеп отыр. Балаларына заманауи телефон алып берген. Қатарынан қалмасын дегені. Ұлы мектепте беске оқиды екен. Тек былтыр күйеуімен ажырасып жүргенінде қызының сабағына дұрыс қарай алмаған. Төрттіктер пайда болыпты. Дегенмен, балаларының сабақ үлгерімін өзі қадағалап жүргенін айтады.

– Жұмыссыз отырған соң, мұсылман бауырлар көмектеседі. Бірақ мен қашан ұн әкеліп береді, қашан май береді деп күткім келмейді. Құдайдан тек адал жолмен нанымды тауып, балаларымды асырай алсам деп сұраймын. Өзім еңбек етіп, ақша тапқым келеді, — дейді келіншек.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда кондуктор паранджа жамылған әйелді көліктен қуып шықты

Талқылау