Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімінің ұлы қызметі жайында айтты

Ақтөбе облысының әкімі ұлы мен келінін бастық қылған орынбасарына әлі ешқандай шешім қабылмаған.  Себебі,«Нұр-Отан» партиясының жанындағы қоғамдық кеңес Сара Нұрқатоваға байланысты шешімді аймақ басшысы қабылдау керек. Алайда олар ұлы мен келінін қарамағындағы басқармаларға лауазымды қызметке алуы қаншалықты заңды екенін анықтау да Сапарбаевқа жүктелген екен. Бірақ, ол тексерудің нәтижесі әлі белгісіз, – деп КТК хабарлайды.

Кадр с телеканала КТК

Қазір Сара Нұрқатоваға қатысты шудан соң аймақтағы жастар саясаты басқармасының басшысы орынбасарсыз қалды. Шенеуніктің келіні Алуа Қасымова енесінің басы дауға қалған бойда бала күтіміне байланысты демалыс алыпты. Оның қызметіне қашан оралатыны белгісіз.

-“Қазір бөпесі екі жаста. Сондықтан жұмысқа шығып, қайта балама қараймын деп кетіп қалды”, – дейді Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Дариға Исмағамбетова. Ең қызығы, Нұрқатованың келіні декретте отырған жерінен қызметін ауыстырған күйеуінің орнына  тағайындалған.

Ал әкім орынбасарының ұлы Максим Чаркин анасының арқасында бастық болғанын жоққа шығарды. 28 жастағы шенеунік мектепте мұғалім болып көрмеген. Бірақ білім басқармасы басшысының орынбасары болуға оның ешқандай кедергісі жоқ дегенді айтады. Оның жаңа қызметке тағайындалғанына үш ай болды. Әзірге кеңсе жұмыстарынан қолы бос емес. Тіпті, ауыл мектептерін аралауды кейінге қалдырыпты.

 

Талқылау