Ақтөбе облысындағы ауыл егіздер туудан рекордтық көрсеткіште: Мұны қалай түсідіруге болады

Ақтөбе облысындағы ерекше ауыл егіздер туудан жоғары көрсеткішке жетті.

Шағын ғана ауылда егіздер әрбір бесінше отбасында өмірге келеді. Бұл ауылдағы мектеп парталарында үш жұп егіздер отырады. Ал, ауылда жалпы 16 жұп егіз өмірге келген, деп жазады  “Хабар 24”.

Статистикалық көрсеткішке сәйкес, босанған мың әйелдер 3-5 егіз бала өмірге әкелсе, бұл жоғары көрсеткіш. Ал, 5-8 егіз тіпті көп. Дәрігерлер егіздердің көптеп өмірге келуін тұқымқуалаушылы себеппен байланыстырады. Ал, 350 адам тұратын шағы ауылдағы адамдар көбіне туыс болып келеді.

“Егіздердің тууы тұқымқуалаушылықтан болатыны белгілі. Оған экология да әсер етуі мүмкін. Біздің ауыл кішкентай Швейцария деп аталады. Ауасы таза, егіздердің өмірге келуіне ол да әсер етуі мүмкін”, – дейді балалар дәрігері Тоғжан Қызылбасова.

Ал, тұрғындар мүлде басқа болжам айтады. Айтуынша, егіздердің өмірге келуіне ауылдағы киелі бастау суының әсері бар. Оны сырт жақтан келіп ішкен әйелдер де егіз бала өмірге әкелген деседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр