Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеліктер туберкулез хосписіндегілерден тұрғындарға ауру жұғып жатқанын айтып ашынды

Ақтөбе облысындағы бүтін бір ауыл тұрғындары туберкулездің асқынған түрімен ауратындарға арналған хоспистің жабылуын талап етіп отыр. Қарабұтақ елді-мекеніндегі аурухананы биліктегілер кезінде жергілікті халықтың қарсылығына қарамастан ашқан. Енді соның кесірінен ауыл арасында жұқпалы дерт жайылып жатыр дейді тұрғындар. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Ақтөбеліктер  туберкулез хосписіндегілерден тұрғындарға ауру жұғып жатқанын айтып ашынды

Бірақ мұны басшылар мойындар емес. Керсінше ешқандай қауіп жоқ деп басу айтуда.

Қарабұтақ тұрғындары балаларын күндіз көшеге қараусыз жібермейді. Елді-мекеннің қақ ортасынан туберкулезбен ауратындарға арналған хоспис ашылғалы, бәрінде өкпеге құрт түседі деген үрей бар. Ол уайымымыз расталып та жатыр дейді мұндағы жұрт.

“Үш немерем науқас болды. Келінім де. Олар төрт ай Ақтөбеде больницада жатты былтыр”, – деді Қарабұтақ аулының тұрғыны Бақытқали Әубәкіров.

Бұл мекеме 5 жыл бұрын туберкулез диспансері ретінде ашылған. Ол кезде билік қарсы шыққан жұртқа ауруының беті қайтқан науқастар ғана мұнда емделеді деген екен. Кейін бір түнде мекемені хосписке айналырып, керісінше ауруы асқынғандарды жеткізе бастаған. Сондықтан, тұрғындар оны мүлдем жауып тастауды талап етіп отыр.

Ақтөбеліктер  туберкулез хосписіндегілерден тұрғындарға ауру жұғып жатқанын айтып ашынды

“Хосписті тез арада жабу керек. Елдің талабы сол. Мен соқыр көзбен бәрін көріп жүрмін. Жанайқайымызды құлағы сау тыңдағысы да келмейді”, – дейді Қарабұтақ ауылының тұрғыны Асылбек Жадырасынов.

Қазір хосписте 27 науқас ем алып жатса, солардың 18-і туберкулездің ашық түрімен аурады. Ал, оларды бақылап жатқан ешкім жоқ.

Қарабұтақ елді-мекеніндегі туберкулезге шалдыққандарға арналған хоспистің қоршауы бар деген аты болмаса, ашық-шашық жатыр. Мұндағы науқастар кез- келген тесіктен еркін шығып, ауыл аралап кетеді.

Мұндағы санитарлық жағдай да сын көтермейді. Хоспистен шыққан қоқыс пен дәрі қалдықтары айналада шашылып жатыр. Тек басшылардың мұны мойындағысы жоқ.

“Қазір орналасқан жердегі аурухананың бүкіл санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайы туралы мәлімет бар. Қортынды берілген. Ауруды ұстап, емдеуге бар. Сол туберкулезден аурухананың кесірінен ауырды дегенге дәлел жоқ”, – дейді Ақтөбе облыстық тубдиспансерінің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.

Облыстағы денсаулық сақтау басқармасындағылар да хоспистің жабылмайтынын айтады. Бұл мәселені сондағы жұрт жаппай ауру жұқтырғанда ғана қараймыз деп отыр.


Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде мәйіттің бүйрегі екі науқасқа салынды

Ғалымдар қарындағы майдың пайдасы барын анықтады

Кей дыбыстарға адамның не себепті тітіркенетіні белгілі болды

Талқылау