Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жоғалып кеткен жеті жасар бала өлі күйінде табылды

Ақтөбе облысының Миялы ауылында жоғалып кеткен жеті жастағы бала өлі күйінде табылды.

4141

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы “Диапазон” басылымы хабарлайды.

7 жасар мектеп оқушысы 27 сәуір күні мектепке шығып кетіп қайта оралмаған. Оқушының ата-анасы оның жоғалғаны туралы полицияға да хабар берген. Жоғалып кеткен күні ол мектепке де бармаған.

Баланы іздеуге дереу ІІД, полиция басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері және ауыл тұрғындары аттанды. Түнгі 2-ге дейін созылған іздеу шарасы нәтиже бермеді. Келесі күні полицейлер сағат 11 шамасында баланың денесін тапқан.

Целлофан материалға оралған баланың денесі оның туыстарының мал қорасынан табылған. Іздеу шарасына қатысқандар бұл арадан бірнеше рет өткенін, бірақ, ол кезде баланың денесін көрмегендерін айтқан.

Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау