Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан тірі қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 7 адам аудандық ауруханаларда ем алуда. Ал жағдайы ауыр екі азамат түнде санавиациямен облыс орталығына жеткізілген, деп хабарлайды КТК арнасы.

актобеде зардап 2306

36 жастағы мына ер адамға аудандық ауруханада ота жасаған ақхалаттылар оны түнде Ақтөбе қалалық ауруханасына жеткізуді жөн санапты. Екі бүйрегі жараланған өзбекстандық азаматтың жағдайы қазір орташа.

Басынан оңбай жараланып, шұғыл шаһарға жеткізілгеннің бірі – автобус жүргізушісі. Белгілі болғандай, ол Қазақстан азаматы екен. Қазір оның жағдайын қалалық дәрігер бақылап жатыр. Естеріңізге сала кетсек, жол апаты кеше Самара-Шымкент тас жолының бойында, Ақтөбе облысы аумағында болған. Автобус ішінде 52 адам отырған. Оның 22-і жарақат алса, 9-ы сол жерде көз жұмды.

«Трассадан шығып кетіп аударылдық. Апат тал түсте болды. Жолаушылардың барлығы ояу еді. Өзіміз түсінбей қалдық. Мен Наманган қаласының тұрғынымын. Туыстарым бұл жайдан бейхабар. Оларға апатты айытып, уайымдатқым келмейді», – дейді Өзбекстан азаматы Гуламжан Носиров.

Оқи отырыңыз:

Таныстарын күтіп алу үшін сыртқа шыққан қостанайлық әйел ЭКСПО-ға қайтып кіре алмай қалды

Қандасымыз Қытай үкіметінің қазақтарға істеп отырған қиянатын Елбасыға жеткізді

Синоптиктер демалыс күндері қандай ауа-райы болатынын болжады

Қостанай облысында ата-ана 9 жасар ұлдарын тамақ бермей аштан қатырған

Талқылау