Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында үш малшыны атып айдалаға тастап кеткен

Байғанин ауданындағы Лақтыбай ауылынының тұрғындары мұндағы шаруа қожалығында болған атыстан шошынып қалған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

774003_900

Бір түнде үш жылқышыны жайратып салған адамның қашып кеткенін естігенде, зәрелері кетіпті. Әйтсе де, аудан әкімі оның ұсталғанын айтып, халықты сабырға шақырды.

“Ермағанбетов Қашқынбай Сердалыұлы деген азамат «Абдулғазиз» шаруа қожалығында жұмыс істейтін. Сол кісі бүгінгі таңда қамауға алынды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр”, – Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов.

Күдіктіні шаруа қожалығының иесі көлігін жөндету үшін Ақтөбеден алдырған. Оның қолынан қаза тапқандардың екеуі – әкелі-балалы Болат Бұхарбаев пен Мұрат Қожахметов. Олар ауылдасымен бірге кәсіпкердің малын бағып, нәпақаларын тауып жүріпті. Марқұмдардың туыстары оларды аяусыз атып өлтіргендерін айтады.

“Інімді ұйықтап жатқан жерінен атқан. Көрші ауылдың жігітін отырған жерінде атқан дейді. Сол артынан қуып атқан”, – дейді марқұмның ұлы Райымбек Әйтекенов.

Жылқышылардың өлі денесін шаруа қожалығының иесі төрт күн өткенде тауыпты. Өйткені, мұнда кәсіпкердің жақындарынан өзге ешкім қатынай бермейді екен. Күдіктінің жылқышыларды өлтіруіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ тергеушілер өзара жанжалдасып қалуы мүмкін деген болжамды да қарастырып жатыр.

Талқылау