Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында тоққа түсіп, қолынан айырылған баланың анасы кінәлілердің жазаланбағанын айтып ашынды

Ақтөбе облысында мектеп ауласындағы трасформатордағы тоққа түсіп қалып, екі қолынан айрылған жеткіншектің анасы шындық іздер шырылдап жүр. Өйткені, сот алдында нағыз кінәлілер емес, басқалар жауап беріпті. Ал судья мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары мен электригін кінәсіз деп тауыпты. Ал, трансформаторды ашық-шашық қалдырып, тек оқыс оқиғадан кейін ғана қоршаған электр таратушы мекеменің бірде-бір өкілі сұралмаған. Осыған ашынған ол  істі қайта қарауды талап етпекші.

Ақтөбе облысында тоққа түсіп, қолынан айырылған баланың анасы кінәлілердің жазаланбағанын айтып ашынды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мектеп ауласында ойнап жүріп, мүгедек болып қалған оқушыға қатысты іс Шалқар аудандық сотында қаралған. Жауапқа тартылған Шалқардағы №2 мектептің шаруашылық жөніндегі орынбасар мен электрикке Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалған. Алайда, кейін екеуі де кінәсіз болып шығады.

«Шалқар аудандық сотының 2019 жылдың 18 қаңтарындағы үкімімен Шоханова және Исатаев ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен кінәсіз деп танылып, олардың әрекетінде қылмыстық теріс қылық құрамының болмауына байланысты ақталды», – дейді облыстық соттың маманы Айжамал Сүндет.

Дамирдің анасы Гүлмира Фаткулина болса әділдік іздеп күнде Шалқар мен Ақтөбенің арасын жол қылып жүр. Ол неге сот алдына айыпталушы ретінде директордың қарапайым орынбасары мен мектептің электригін алып келгеніне түсінбейді. Өйткені, бұл мәселеге олар емес, бірінші кезекте Аудандық білім бөлімі мен электр таратушы мекеменің басшылығы жауап беруші тиіс деп санайды.

«Электр желілеріне жауаптыларды кінәладым. Өзім де сездім сол электр желісі, аудандағылардың қатысы  бар екенін. Мына жақтан келді де, электрик пен шаруа меңгерушісін тығып Олар тіпті кінәсіз, мен сияқты қара жұмысшы ғой. Электр желісі кінәлі. 2009 жылдан ойланбаған нәрсе ғой. Мектеп шарбағына апарып қойған. Апарғасын қарау керек ғой . Қаралмай қалды сол», – дейді зардап шеккен оқушының анасы Гүлмира Фаткулина.

Оқыс жағдай өткен жылдың 5 қазанында болған еді. Сот материалдарынан белгісі, мектеп ауласында ойнап жүрген 4-сыныптағы Дамир Фаткулин подстансаның ішіне секіріп түскен. Трансформатордың екінші қабатындағы кернеуі 10 мың вольттік электр желісі өтіп жатқан темір баспалдақпен көтерілгенде тоққа түсіп қалған. Гүлмира үшінші тоқсаннан бастап ұлының мектепке барып жүргенін айтты. Ең болмаса ойы бөлініп, ауызша тапсырмаларды орындап, қатарынан қалмасын деп сабаққа жіберіп жүрмін дейді. Ұлына тезірек жасанды қол салдыртып берсем деп армандайды. Оған біраз уақыт, әрі қаражат керек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау