Ақтөбе облысында төбелес салдарынан көз жұмған оқушының өлімі үшін мұғалімдер қызметінен шеттетілді

Ақтөбе облысында пышақ жарақатынан көз жұмған оқушының өлімінен кейін екі мектептің директоры қатаң сөгіс алып, олардың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері мен екі мұғалім қызметінен шеттетілген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбе облысында төбелес салдарынан көз жұмған оқушының өлімі үшін мұғалімдер қызметінен шеттетілді

Шалқарда мұз айдынында пышақ жарақатынан көз жұмған Мирасбек Дәулетиярдың өлімінен кейін ауылға комиссия келіп, тексеріс жүргізген еді. Алайда олар тексеріс нәтижесі туралы мардымды ештеңе айта алмады. Тек жазаланған 6 педагогтың тізімін ұсынып отыр. Ал оқушылардың мұз айдынындағы қақтығысы үшін қарапайым мұғалімдердің неліктен кінәлі болғандары белгісіз.

Әйтеуір, жасөспірімнің өліміне байланысты марқұмның сынып жетекшісі мен оқиғаға қатысты күдіктеліп отырған оқушының сынып жетекшісі, екі мектептің директорының тәрбие ісіне жауапты орынбасаралары қызметінен шеттетілген. Сонымен қатар екі мектептің директоры қатаң сөгіс алыпты.

«Комиссия мүшесімен тек құжаттарды зерделеу мақсатында бардым. Құқық бұзушылық алдындағы жұмыстарды жандандыру керек», – дейді комиссия мүшесі Жанар Еркешова.

Еске сала кетсек, Шалқарда екі ауданнан жиналған балалар тобы мұзайдында төбелес шығарған еді. Қақтығыс кезінде оқушылардың бірі аяғынан пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр