Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында тас жол бойында ер адамды қылғындырып өлтіріп кетті

17 тамыз күні таңертең Ақтөбе-Астрахан тас жолының бойындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылды.

вео

Ер адамның өлі денесі Өлке ауылына жақын маңда жол шетінде тұрған Жигули маркалы көліктен табылған. Онда ер адам қауіпсіздік белдігіне қылғындырылған.

Алдын ала деректер бойынша, ер адам суицид жасаған болуы мүмкін. Және көлік ішінен 3 миллион 800 мың теңге табылған.

Арнайы сараптама нәтижесі бойынша ер адам қылғындырылған. Сосын көліктің қауіпсіздігіне белдігіне асылған.

“Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Жол апаты: Астанада автобус 10 автокөлікті соқты (видео)

Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Сәтбаевта оқыс оқиға салдарынан жарақат алған шахтер көз жұмды

Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Талқылау