Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында пара алып жұмысынан қуылған шенеунік лауазымды қызметке тағайындалды

Ақтөбе облысында пара алып жұмысынан қуылған Денсаулық сақтау басқармасының экс-шенеунігі Алмат Ермағамбетов лауазымды қызметке тағайындалды.

чинДенсаулық сақтау басқармасының экс-шенеунігі Алмат Ермағамбетов алаяқ Ботагөз Биекеноваға балаларын бала-бақша мен мектептке орналастыру үшін 20 мың доллар берген, деп жазады Диапазон.

Әйел уәдесін орындамағаны үшін Ермағамбетов полицияға арыз берді. Биекенованы соттап, жәбірленушіні қыхзметінен босатты. Адвокаты оның берген ақшасы пара емес, НИШ курсының ақысы деген еді.

Жақында Ермағамбетовтың «Aktobe medical center» көп салалы емханасының қаржы директоры қызметіне тағайындалды.

«Мен онымен болған келеңсіздіктерді білем. Бірақ ол сотталған жоқ. Оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынды. Бізде мемлекеттік қызмет емес, КМК», – деп түсіндірді емхана директоры Рүстем Исаев.

Ермағамбетов қаржы директоры қызметінде құрылысты басқарып, мемлекет есебіндегі дәрілерді қадағалайтын болады.

Тағы да оқыңыз:

Германиядағы шеруге Қазақстаннан барған гей жұп өздері жайлы айтып берді (фото)

Қызылжарлық дәрігер қатерлі ісікті анықтайтын мобильдік қосымша ойлап тапты

ОҚО тұрғынының түсіндегі аяны рас келіп биесі “Алла” сөзі бар құлын туған

Талқылау