Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында оқушылардың білімі төмен болғаны үшін мектеп директорына айыппұл салынды

Ақтөбе облысының Жем қаласындағы № 5-орта мектебінің директорына оқушылардың білім деңгейінің төмен болғаны үшін айыппұл салынды. Мұндай жағдай облыста алғаш рет болып отыр.

a3b3b3613061353dc42004eb64a77b18

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында тест тапсырылып, олардың білім деңгейі тексерілген еді. Нәтижесінде оқушылардың тек 60 %-ы ғана берілген сұрақтарға дұрыс жауап берді. Ал бұл көрсеткіш аталған оқу орнының аттестация талаптарына сәйкес келмейді.

«Тест нәтижесі жалпыға білім беретін мекеменің талабымен сәйкес келмеді. Оқушылардың білім деңгейі төмен болып шықты», – делінді облыстық білім беру департаментінің қорытындысында.

Мектеп директоры Нұржамал Тастаеваға оқушылардың білім деңгейін көтеруге біршама уақыт берілген. Алайда, қайтадан тест тапсыру кезінде оқушылардың білім деңгейі жоғарылаған жоқ. Сондықтан сот мектеп басшысын әкімшілік жауапқа тартып, мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заң талаптарын орындамағаны үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 3-бөлімі, 462 бабына сәйкес 15 АЕК (31 812 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге шешім шығарды.

Дмитрий Матвеев

Талқылау