Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында қызметте жүріп мерт болған полицейлерге ескерткіш қойылды

Ақтөбе облысында қызметін атқару барысында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналып ескерткіш ашылды.

Бұл туралы Aktobenews.kz жазады.

Хромтау қаласындағы жаңа аллеяда ашылған ескерткіш 1980 жылы қаза тапқан милиция майоры Бұжыр Иманғазин мен 2009 жылы бұзақылар қолынан мерт болған учаскелік полиция қызметкері Қымбатқазы Оразалиннің құрметіне қойылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына облыстық ІІД басшылары мен Хромтау аудандық ІІБ жеке құрамы, құқық қорғау органдарының ардагерлері, қаза болғандардың туыстары мен аудандық әкімдіктің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

«Тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде адалдық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. «Ерлерін құрметтейтін елі барда» адал перзенттеріміздің өнегелі ісі көпке үлгі болып қала бермек»,- деп атап өтті Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары Андрей Хайрулин.

Ескерткіш орнатылған аллеяға жас көшеттер отырғызылды.

Талқылау