Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында көшеде жұлысып төбелескен оқушы қыздардың ата-аналарына айыппұл салынды

Ақтөбе облысының Алға қаласында көшеде жұлысып төбелескен екі оқушы қыздың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында көшеде жұлысып төбелескен оқушы қыздардың ата-аналарына айыппұл салынды

Оқушылар арасындағы төбелес 13 қазан күні Алға қаласындағы көшелердің бірінде орын алды. Сол кезде қыздардың бірі әйнек сынығымен қасын жырып алды. Жарақат алған жасөспірім Алға қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, тиісті көмек алып, үйіне жіберілді.

Екі күннен кейін жағдайы нашарлаған қыз қайтадан аудандық ауруханаға барып, сол жақ невралгия диагнозымен хирургиялық бөлімге жатқызылды. Содан кейін науқас Ақтөбе офтальмологиялық клиникасына жіберілді.

Сөйтіп, көшеде жаға жыртысып төбелескен, екі қыз да жеңіл жарақат алды.

Ал облыс әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша кәмелетке толмаған екі оқушы қыз мектеп ішіндегі бақылауға алынып, ата-аналарына балаларын дұрыс тәрбиелемені үшін айыппұл салынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау