Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында екі мұнайшының күкіртті сутекке улануының себебі белгілі болды

Ақтөбе облысының Жаңажол мұнай кен орнында болған қайғылы оқиғаға қатысты тексерудің қортындысы жария етілді. Осыдан бір жарым ай бұрын сол жерде екі мұнайшы күкіртті сутекке уланып қалған еді. Соның салдарынан 54 жастағы жұмысшы қаза тапса, екіншісі аман қалды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Мұнай қондырғысын жөндеуге шыққан екі слесарьдың улануына «СиэНПиСи-Ақтөбемұнайгаз» кінәлі болып шықты. Яғни сот-медициналық тексеру жүргізгендер мұнай алпауытын айыптап отыр. Өйткені ондағылар жұмысшыларының қауіпсіздігі үшін жағдай жасамапты. Соның кесірінен техникалық улы су далаға ағып, жұмыс істеп жүрген екеу газдан сол жерде естерінен танған. Біреуі оқиға орнында тілге келместен жан тапсырса, екіншісі 1 ай бойы ауруханаға жатып шықты. Енді олардың отбасына мұнай компаниясы өтемақы төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген тележүргізушінің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті

Алматыда 18 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

Зардап шеккендер бар: Мәскеуде балалар сауда үйі өртке оранды (видео)

Бір көзінен айырылған Римманың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады

Талқылау