Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында екі ауыл әкімі қызметінен кетті

2 желтоқсанда Қобда ауданы әкімінің өкімімен А. Нәкеш пен С.Жұмақұлов қызметінен босатылды. Олар ауыл тұрғынымен дауласып, қоластындағы қызметкерді балағаттаған.

c67c7b98b566b30cd86a50d2fcf

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің тәртіптік кеңес отырысының қорытындысы бойынша екі ауылдың әкімі қызметінен босатылды.
Ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін Қобда ауданы Қызылжар селолық округінің әкімі А. Нәкешке қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

Шенеунік еңбекпен қамтылу мәселесі бойынша оның қабылдауына келген ауыл тұрғыны, 3-топтағы мүгедек Н.Ботбаевпен арада дау тууына жол берген.

2015 жылы 3 қарашада Жаңаталап ауданы Жаңаталап селолық округінің әкімі С.Р. Жұмақұлов мас күйінде еш себепсіз селолық округі әкімі аппаратының техникалық жұмысшысы Ж.У Әділованы балағаттаған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 8 желтоқсанда облыс әкімінің өкімімен қызметтік міндетін абыроймен атқара алмағандықтан Темір ауданының әкімі Б.Қаниевке қатаң сөгіс жарияланғаны жөнінде хабарлады.

Талқылау