Ақтөбе облысында бұрынғы ауыл әкімі 1350 теңге үшін жұмысынан қуылды

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 8:20

Ұлттық бюро биыл небары жеті айда пара алған шенеуніктерге қатысты мың жарым қылмыстың бетін ашыпты. Қазына қаржысын ұрлау да екі есе көбейген деп хабарлайды КТК арнасы.

752555b283023265fccc378c1872ba62-small

Бір қызығы, қармаққа шабақтар ілігіп жатқанға ұқсайды. Мәселен, Ақтөбе облысындағы Жаңақоныс ауылының бұрынғы әкімі Ерсайын Данабек 1350 теңге үшін жұмысынан қуылған. Бәріне кінәлі балабақшаға орнатылуы тиіс унитаз екен.

Алайда, шенеунік бюджеттен бөлінген 29 мың теңгеге бір емес, 2 унитаз, 4 раковина сатып алғанын, тек су құбыры тартылмағандықтан, бос жатқанын айтқан. Мың теңге жедің деп қызметтен аластатылған әкім қазір жұмыс іздеп сабылып жүр.

“Ауыл әкімдерін сайлау, тағайындау, жұмыстан босату туралы қағиданың талаптарында ауыл әкімін аудан, облыс әкімінң келісімімен босатады делінген. «Келісім алынбады» деп есептеймін. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқара тұра және қағиданың талаптарын ескермей мені жұмыстан заңсыз шығарды деп есептеймін”, – дейді Жаңақоныс ауылының бұрынғы әкімі Ерсайын Данабек.

Жіберіп алмаңыз:

Қарапайым халыққа байқамай “сен” деген шенділер сотталуы мүмкін

ОҚО-да “жедел жәрдеммен” демалысқа шыққан дәрігерлер қызметінен қуылды

Жер телімін рәсімдеп беремін деп жеке тұлғалардан ақша алған шенділер құрықталды

Шенділерге коньяк пен қораптағы кәмпит сыйлайтындар енді оңбай жазаланады

Шымкентте 4 адамға ажал құштырған мас жүргізуші шенді туыстарын араға салуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Гүлдана says:

    Негізі бұл заңсыз нəрсе. Бірақ əкімшілік бұл іс əрекетке қатаң ескерту жасап қою керек еді. Келесіде қайталанбасын дегендей … Өте өкінішті

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар