Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір-бірін құтқармақшы болған үш қыз суға батып кетті

Ақтөбе облысында бір-бірін құтқаруға талпынған үш бірдей кәмелетке толмаған қыз суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды кезекші-диспетчерлік қызметі жетекшісі Оксана Кичигина мәлімдеді.

drown-drowning-girl-ocean-Favim

Төтенше жағдай Көктал ауылына жақын маңдағы Ойыл өзенінде болған. Біреуі 17-де, екеуі 16-да болған үш қыз шомылуға тыйым салынған аумақта жүзіп жүрген.

Аймақтық ТЖД-ның хабарлауынша қыздардың біреуі бата бастаған кезде, екеуі оған көмектеспекші болған. Нәтижесінде, қыздардың үшеуі де ақырында суға кетіп қалған.

“Қайғылы оқиға туралы хабар түскеннен кейін, біздің бригада жедел түрде оқиға орнына қарай шыққан. Ауыл облыс орталығынан қашықта болғандықтан 150 шақырым жолды жүріп бару қиынға түсті. Жарты жолға жеткен кезде қайтадан хабарласып, қыздардың денелерін ауыл тұрғындары өздері алып шыққанын айтты”, – дейді Кичигина.

Талқылау