Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көпшілік шенеуніктер отбасы жұмыстан кетсін деп арыздануда

Ақтөбе облысындағы білім саласы былыққа батқан. Мұндағы парақорлардың көптігіне мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін қадағалайытын мекеме басшысының өзі жағасын ұстап отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы

Сара Нуркатова

Сара Нұрқатова

Самұратованы қызметінен қууды ұсынды.  Ақтөбе облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қайрат Сүнтаев Білім басқармасы басшысын қылмыстық жауапқа тартуға болатыны, 92 қызметкері қылмысқа тартылған адам жұмысынан кетуі тиіс екенін айтты.  Бұған дейін Самұратоваға сөгіс те жарияланды.

Шенеунік болса, өзін барынша ақтап әлек. Жемқорлыққа қатысты оқиғаның аудандар мен облыс орталығында болғанын айтады. Ондағыларға тікелей әмірі жүрмейді екен. Есесіне облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың ұлы Максим Чаркиннің қызметінен кеткенін айтып сүйінші сұрады.

Чаркин осы мекемеде үш айдай орынбасар болған. Дегенмен басқарма басшысы орынбасарды таныстықпен немесе шенеунік шешесінің ықпалымен алған жоқпын деп отыр. Сол кезде Чаркиннен басқа үміткер болмапты.

Басқалары қызметке келерде өтетін сынақтан қорқады, -дейді Жанат Самұратова.

Талқылау