Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында белгісіз себеппен мал қырылып жатыр

Малдардың кенеттен температурасы көтеріліп, аузынан көбік ағып құлай береді. Мұның себебін мал дәрігерлері де біле алмай отыр.

70972_tn

Бұл туралы aktobenews kz хабарлайды.

Малдың бұл ауруы тездетіп таралатын көрінеді. Соңғы 10 күн ішінде осы аурумен Қобда ауданының Әлия ауылында 160 бастан көп ірі қара зардап шеккен.

Ауыл тұрғындары мамандардан көмек сұраған. Фермерлер малдардың басын кесіп, арнайы полигондарға апарып көміп тастап жатыр. Олар мал ауруының тез тарауынан қауіптенуде. Аймақтағы жайылымдарда уақытша мал жаюға тыйым салынған.

«Біздің көшедегі кейбір тұрғындардың 8-12 бас малы осылай өлген. Қанша жыл мал асырап жүріп, мұндайды бірінші рет көруім. Біздің малымыз Қобда жақта жайылады, сондықтан қауіп сол жақтан келуім мүмкін», – дейді Әлия ауылының тұрғыны Қалима Жақұпова.

Енді жас малдар да ауыра бастапты. Температураның көтерілуінен малдың мүйізі мен тұяғы майысып кетеді екен.

70973_tn

«21 сәуір күні 3-4 мал басының өлгені жайлы алғашқы мәліметтер алдық. Одан кейін бұл көрсеткіш тез арады өсіп кетті. Ауылда үш топ кезектесіп жайылымға шығады. Ауру солардың бірінен тараған. Қазір жайылымға шығуға уақытшы тыйым салынды», – дейді аудан әкімі Болат Құлов.

Сонымен қатар аймаққа еліміздің ең үздік мамандары барып көрген. Олар жайылымның топырағын, шөбі мен суын алып, Астанадағы мал дәрігерлік орталығында зерттеп көрмек.

70971_tn

Мамандар жақын аймақтарда аурудың белгілері байқалмағанын айтады. Басшылық тарапынан ауырған әр мал басы үшін 5 мың теңгеден моральдық көмек беріледі. Зерттеу нәтижесі жақын күндері жарияланады. Оған дейін сырттан мал етін сатып алуға бомлайды.

Талқылау